Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, KEDEN бірыңғай цифрлық платформасы кедендік бақылау үдерісін оңтайландыруға және жетілдіруге, сауда барысы мен шекарадан өтуді жеңілдетуге арналған. Ал SmartCargo – кеден, көлік, Ішкі істер министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, фармацевтикалық және сауданы реттеу сервистерін біріктіретін логистикалық қызметтердің бірегей цифрлық терезесі.

National Road Geoportal (KazMaps) мониторинг пен инфрақұрылымға арналған Қазақстан автожолдарының цифрлық картасын ұсынады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Алматы қаласының ІТ экожүйесімен және білім беру, маман даярлау, балалар қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіп пен жол-көлік қозғалысын бақылау секілді цифрлық шешімдермен танысты.
Сонымен қатар Президент Орталық Азиядағы балаларға арналған алғашқы ғылыми музейді аралады.

GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 көрмесіне 600-ден аса халықаралық компания, соның ішінде Cisco, Cloudflare, Google Cloud, Huawei, Dell, H3C Technologies, Lenovo, Trend Micro, Hikvision, HP, Noventiq, Redington, Salesforce, Vertiv және басқа да әлемдік технология көшбасшылары қатысуда. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді