Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті Трикси Лохмирмандты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және халықаралық технологиялық платформалар аясындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Президент Қазақстан алдағы үш жылда толық цифрлық мемлекетке айналу жөнінде өршіл мақсат қойғанына назар аударды. Алматыда өтіп жатқан Орталық Азиядағы алғашқы GITEX AI Central Asia & Caucasus форумы осы стратегиялық бағдардың айқын мысалы саналады және еліміздің жаһандық технологиялық күн тәртібін қалыптастыру ісіне атсалысуға дайын екенін көрсетеді.

Кездесуде Алматының технологиялық хаб ретіндегі рөліне айрықша мән берілді. Бұл қалада еліміздегі IT-компаниялардың үштен бірі шоғырланған. Дамыған экожүйе құрамында белсенді стартаптар, инвесторлар мен халықаралық ойыншылар бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Трикси Лохмирмандтың GITEX AI Central Asia & Caucasus форумын халықаралық деңгейде ілгерілетуге сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Dubai World Trade Center атқарушы вице-президенті аталған алаң технологиялық нарықтың негізгі қатысушыларының басын қосып, жаңа серіктестіктер табуға жол ашатынын атап өтті.

Әңгімелесу барысында GITEX AI Central Asia & Caucasus алаңын Орталық Азияда жыл сайын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда басқа да өңірлік ауқымдағы іс-шаралар өткізу мүмкіндіктері қарастырылды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады