Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Алтын ұрлығына жол бермеу бойынша жүйелі шаралар қабылдануда

ІІМ: Алтын ұрлығына жол бермеу бойынша жүйелі шаралар қабылдануда
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында қала құраушы кәсіпорындардың, соның ішінде алтын өндіру секторындағы кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдан бері республиканың бірқатар өңірінде алтын ұрлығына және заңсыз кен өндіруге қатысы бар 1400-ден астам адам жауапкершілікке тартылды, сонымен қатар заңсыз айналымнан 12 тоннадан астам алтын құрамды материал тәркіленді. Мысалы, биыл полиция Жамбыл облысындағы “Ақбақай” тау-кен байыту комбинаты аумағынан алтын құрамды кенді заңсыз өндіру, өңдеу және ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Қылмыстық іс сотта қаралуда. Келіп түскен ақпаратты мониторингтеу барысында аталған кәсіпорын аумағына заңсыз кіру дерегі жедел түрде тоқтатылды.

Жедел әрекет нәтижесінде Жамбыл, Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұрғындарынан құралған, алтын құрамды материалды ұрлау арнасын жолға қоюға әрекеттенген топ ұсталды. Қару-жарақ, ірі көлемдегі қаражат, байланыс құралдары және автокөліктер тәркіленді. Тергеу жүргізіліп, келтірілген залал анықталып жатыр. Кәсіпорынның күзет және қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған шаралар алтынның көлеңкелі айналымын азайтуға, заңсыз кен өндірудің жолын кесуге және елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етті. Ішкі істер министрлігі заң мен тәртіпті барлық салада қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады