Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 1000-нан астам орынға арналған жаңа мектеп ашылды

Алматының Наурызбай ауданында 1000-нан астам орынға арналған жаңа мектеп ашылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданы Шұғыла шағынауданында №223 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1000-нан астам оқушыға арналған білім ордасы «Жайлы мектеп» («Келешек мектептері») ұлттық жобасы аясында салынған. Қазір мұнда жақын маңдағы шағынаудандарда тұратын 1147 бала білім алып жүр.

Жаңа мектептің ашылуы қарқынды дамып келе жатқан аудандағы оқушы орындарының тапшылығын азайтуға бағытталған. Сәуір айында Наурызбай ауданында екі ірі білім беру нысаны іске қосылды, бұған дейін №41 мектеп ашылған болатын.

Салтанатты ашылу рәсіміне білім беру саласының өкілдері мен сала ардагерлері қатысты.

«Қазіргі таңда мектепте 1147 оқушы оқиды. Бұлар бұрын алыс мектептерге автобуспен қатынап жүрген балалар. Енді біздің шағынауданның балалары үй маңында оқи алады. Бүгінгі оқиға олардың мектепке барып-келуін едәуір жеңілдетеді деп ойлаймын», - деді мектеп директоры Жеңісгүл Сартаева.

Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қазіргі уақытта 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі сыныптар жасақталған, ал алдағы уақытта мектеп 1-11 сынып аралығында толық циклде жұмыс істейді.

Мектеп заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған. Атап айтқанда, оқу кабинеттері, әртүрлі жас топтарына арналған спорт залдары бар. Сондай-ақ, футбол алаңы, баскетбол және волейбол алаңшалары сынды ашық алаңдар қарастырылған.

Сондай-ақ, жайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Ғимарат ішінде және мектеп аумағында демалыс аймақтары жабдықталған.

Қала бойынша 2025 жылы әртүрлі бағыттағы 38 білім беру нысаны салынды. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 34 200 орынға арналған 20 мектептің құрылысы жоспарланған, оның 12-сі пайдалануға беріліп үлгерді, қалғандары жыл соңына дейін ашылады.

Жаңа мектептер заманауи білім беру кеңістігін қалыптастырып, сапалы білімді үйге жақын жерде алуға мүмкіндік береді

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады