Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«e-Өтініш» жүйесіне 5 жыл: цифрлық платформа мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогты қалай өзгертті

«e-Өтініш» жүйесіне 5 жыл: цифрлық платформа мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогты қалай өзгертті
Фото: ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі құралына айналған «e - Өтініш» платформасының жұмыс істеп жатқанына 5 жыл толды. Осы уақыт ішінде ол өтініш беру процесін жеңілдетіп қана қоймай, мемлекет пен азаматтардың өзара іс-қимыл форматын түбегейлі өзгертті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жүйе арқылы 5 миллионнан астам өтініш берілді. Бұл көрсеткіш сервистің танымалдылығын ғана емес, сонымен қатар азаматтар мен бизнес өкілдерінің кері байланыстың цифрлық құралдарына деген сенімін көрсетеді. 2021 жылғы 1 шілдеде іске қосылған сәттен бастап «e-Өтініш» барлық өтініш беру арналарын біріктіріп, біртұтас экожүйеге айналды.

Пайдаланушылар сұраныстар мен шағымдар жіберіп қана қоймай, өтініш мәртебесін онлайн бақылап, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тарихын көре алады және жауап сапасын бағалай алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген eOtinish.kz жүйесі және 2020 жылы қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс өтініштермен жұмыс істеу тәсілін формальды қараудан клиентке бағдарланған форматқа ауыстырды.


«Бүгінде "e-Өтініш" - бұл жай ғана сервис емес, мемлекет пен азаматтар арасындағы толыққанды диалог арнасы. Біз халық тарапынан жоғары сенімді көріп отырмыз және платформаны одан ары ыңғайлы әрі интеллектуалды ете түсудеміз. Соның ішінде, өтініштерді өңдеуді жеделдету және аналитика сапасын арттыру үшін ЖИ - агенттерді енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», - деп атап өтті Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин.

Бес жыл ішіндегі негізгі кезеңдер:

* 2021 ж. - Біріңғай жүйені іске қосу;

* 2022 ж. - ХҚКО-ларды қосу және eGov Mobile-да іске қосу;

* 2023 ж. - Азаматтарды қабылдау орталықтарын ашу;

* 2024 ж. - Электрондық петициялар механизмін енгізу;

* 2025 ж. - Пилоттық ЖИ-шешімдер мен Бірыңғай білім базасын енгізу.

Бүгінде жүйеге 26 мыңнан астам ұйым қосылған, ал өтініштерді өңдеуге 380 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылған. Өтініш берушілер саны 3,2 млн адамға жетті. Платформа жұмыс істеген уақыт ішінде барлығы 16,2 млн-нан астам өтініш өңделді. Пайдаланушылар санының жыл сайынғы өсімі орта есеппен 42,6%-ды құрайды. Айта кетту керек, жүйедегі шағымдардың үлесі төмен деңгейде, яңни 5-7% құрайды дегенмен, өтінімдердің негізгң бөлігі сұраным үлесінде, бұл азаматтардың жүйеге деген сенімдері мен сұранысының бар екенін дәлелдейді.

2025 жылы платформа арқылы азаматтардан 4 млн-нан астам, ал бизнестен 1 млн-ға жуық өтініш түсті. Қазақстандықтар көбіне тұрғын үй коммуналды шаруашылығының, әлеуметтік қорғау, білім беру, жер қатынастары, қауіпсіздік пен құқық қорғау мәселелері бойынша жүгінеді.

Өтінішті eOtinish.kz сайты, eGov.kz порталы, eGov Mobile қосымшасы, сондай-ақ ХҚКО-лар мен «Нәтиже» орталықтарында беруге болады. Таяу арада ЖИ негізіндегі аналитикалық құралдарды дамыту және мемлекеттік қызметтердің сапасын одан ары арттыру жоспарлануда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады