Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің сыртқы саясат ведомствосының басшысына ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

Президент бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтты.

Кездесуде Ресей Президенті Владимир Путиннің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысы Астана аталған уақиғаға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді.

– Бұл сапарды биылғы екіжақты күн тәртібінің ең негізгі іс-шарасы ретінде қарастырамыз. Екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде аталған сапар маңызды рөл атқарады деп сенеміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сергей Лавров Мемлекет басшысына Ресей Президентінің сапарына әзірлік барысы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сергей Лавров халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады