Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қысқы шабыт»: Астанада арт-терапия үйірмесінің көрмесі ашылды

«Қысқы шабыт»: Астанада арт-терапия үйірмесінің көрмесі ашылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың Алматы ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қысқы шабыт» атты арт-терапия үйірмесінің қысқы көрмесі ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экспозицияда үйірме қатысушыларының қыс мезгіліне арналған көркем және қолданбалы өнер туындылары ұсынылған. Онда қыстық табиғат көріністері, мерекелік атмосфера, жеке естеліктер мен осы кезеңге байланысты ішкі сезімдер көркем түрде бейнеленген.

Экспозицияға арт-студия үйірмесінің тұрақты қатысушыларымен қатар, жаңадан қосылған зейнеткерлер де қатысты.

Көрмеде шамамен 40 қатысушының жұмысы ұсынылып, әр автордың жеке шығармашылық көзқарасы мен стилі көрініс тапты.

«Қысқы шабыт» көрмесі көктемгі көрме ашылғанға дейін жалғасып, студияның маусымдық көрмелер өткізу дәстүрін жалғастырады. Жоба қатысушылардың шығармашылық дамуына ықпал етіп, көрермендерге эстетикалық әсер мен жағымды көңіл-күй сыйлайды.

«Бұл көрме қыстың тыныштығы мен жарығын, өзіндік көңіл-күйі мен рухани әсерін жеткізетін шығармашылық кеңістік ретінде ұйымдастырылды. Сурет өнерін сүйіп тамашалайтын қала тұрғындарын әжелеріміздің шығармаларымен танысуға шақырамыз. «Қысқы шаттық» көрмесі Қошқарбаев даңғылы, 29/1 мекенжайында қыс айларының соңына дейін жалғасатын болады», – деп ой бөлісті көрме ұйымдастырушы Айгүл Еркінқызы.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті