Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады

ІІМ
Фото: polisia.kz

15-16 сәуір күндері ТМД елдерінің аумағында "Іздеу" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Екі күннің қорытындысы бойынша 314 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде: 5-еуі – адам өлтіргені үшін, жетеуі денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін және тағы 5 адам қарақшылық шабуыл жасағаны үшін, жетеуі тонау фактілері бойынша және 15-і есірткі қылмыстары үшін іздеуде болған. Ел аумағынан тыс жерде 39 адам ұсталды, сондай-ақ өзге мемлекеттердің сұрауы бойынша іздеуде жүрген 189 адамның орналасқан жері анықталды. Қазақстан тарапының сұрауы бойынша Белград қаласында өткен жылдың желтоқсан айынан бері жасырынып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Түркістан облысында әуе компаниясында менеджер болып жұмыс істей отырып, шамамен 176 миллион теңгені заңсыз иемденіп, жеке мақсатына жұмсаған. Бішкекте Астана қаласы полиция департаментінің іздестіру тобы 2024 жылдың қазан айынан бері қаржы пирамидасын құрып, оған басшылық жасағаны үшін жасырынып жүрген Қазақстан азаматын ұстады.

Грузиялық әріптестермен өзара іс-қимыл аясында Рустави қаласында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Ол адамдар тобымен бірге автонесие рәсімдеу сылтауымен 2022-2024 жылдары Алматы қаласында 232 азаматқа 4 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Күдікті өткен жылдың шілде айынан бері іздеуде болған. Қарағанды облысында бес жылдан астам уақыт бойы қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып жүрген қылмыскер ұсталды. Ол екі деңгейлі жеке тұрғын үйдің шатырында жасырынған. Сол жерде санитарлық тораптағы шкафтың артына жасырылған құпия бөлме жабдықтаған. 2018 жылы ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында күш қолдану арқылы кәсіпкерден ақша мен мүлікті бопсалап, 117 миллион теңге көлемінде шығын келтірген. Жамбыл облысында Бішкек қаласында адам өлтіргені үшін 2024 жылдың соңынан бері іздеуде жүрген Қырғызстан азаматы ұсталды. Сонымен қатар іс-шара барысында 51 хабар-ошарсыз кеткен адам табылды, олардың 8-і — кәмелетке толмағандар. Осындай бірлескен іс-шараларды өткізу халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және іздестіру қызметінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады