Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады

Президент БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчаны қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы жоғары лауазымды дипломатқа ілтипат білдіре отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту тұрғысынан оның бұл сапары маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы нақты іс-әрекеттердің маңызды бағыттары, соның ішінде Орталық Азия бойынша Превентивті дипломатия жөніндегі өңірлік орталық аясындағы мәселелер талқыланды.

Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстанның орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын ашу перспективаларына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Мирослав Енча Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейіне, сондай-ақ елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларға жоғары баға берді.

Бұдан бөлек, олар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке сәлемін жолдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді