Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады

Алматы облысында жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдейтін зауыт салынады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Өңірде қой жүнін терең өңдеуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы басталды. Құны 1,2 млрд теңгені құрайтын «Мерген Холдинг» компаниясының инвестициялық жобасы отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға және аймақтың қайта өңдеу секторын нығайтуға маңызды серпін береді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы аумағы 3 мың шаршы метр болашақ өндірістік кешен заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған. Кәсіпорын жылына 2 мың тоннадан астам жүн өңдеп, жергілікті мал шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануға жол ашады.

Жоба аясында дәстүрлі текеметтерден бастап көрпелер мен халық тұтынатын өзге де сұранысқа ие тауарлар түрін шығару көзделген. Бұл отандық өнім түрлерін көбейтіп қана қоймай, импортқа тәуелділікті айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ «Қазақстанда жасалған» брендімен жоғары қосылған құны бар тауарлардың үлесін арттыратын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады