Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды

ШҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында бопсалаудың 14 дерегі тіркелді. Оның 9-ы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен анықталған. Облыс орталығында тағы бір қылмыстың жолы кесілді. 26 жастағы азамат танысынан "заң аясында туындаған мәселелерді шешіп беремін" деген сылтаумен 200 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Жәбірленуші көрсетілген соманы уақытылы бере алмағандықтан, күдікті талап етілетін қаржыны 400 мың теңгеге дейін ұлғайтып, қоқан-лоққы жасау арқылы қысым көрсетуді жалғастырған.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін аталған дерек бойынша тиісті іс-шаралар ұйымдастырылып, ақшаның бір бөлігін беру кезінде бақылау жүргізілді. Нәтижесінде күдікті ақшаны алу сәтінде ШҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен ұсталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің автокөлігі мен тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, ақшалай қаражат пен суық қару санатына жататын кастет тәркіленді. Күдіктіге қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Айта кету керек, бопсалау қылмысы көбіне қоқан-лоққы мен қысым көрсетуден басталады. Мұндай жағдайда азаматтарға құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгіну ұсынылады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады