Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Бейбіт Исабаев 2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық негізгі мақсатты индикаторға қол жеткізілгенін айтты. Өңірге 610 миллиард теңге инвестиция тартылған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға артық.

Президентке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспары таныстырылды. Ауыл шаруашылығы дақылдары, соның ішінде қант қызылшасы алқабы кеңейді. Ақсу және Көксу қант зауыттарының өндірістік қуатын 2 есеге арттырып, 950 мың тоннаға жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2027 жылға дейін құны 94,4 миллиард теңге болатын 23 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Атап айтқанда, құс фабрикалары, мал бордақылау алаңдары, балық және жылыжай шаруашылықтары мен басқа да жобалар бар.

Өнеркәсіп саласында соңғы үш жылда 29 жаңа нысан іске қосылып, 7 кәсіпорын кеңейтілді, соның нәтижесінде 1841 жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысына инфрақұрылымды дамыту жайында мәлімет берілді. Өңірді газдандыру деңгейі 67,2 пайызға жетті. «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры тартылып, 650 мыңнан астам тұрғыны бар 210 елді мекен көгілдір отынға қол жеткізді.

Облыстың туризм саласындағы мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жұмыстар жалғасуда. Алакөл, Балқаш жағалауларында туристік нысандарға баратын жолдар салынып, ауыз су, электр желісі, кәріз жүйелері тартылды. Жағалауларды бекіту шаралары қолға алынды. Бұрқанбұлақ сарқырамасына апаратын 31 шақырымдық жол жаңартылып жатыр.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өңірде үш экопарк салып, 121 мың ағаш егу көзделген.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Қытай Халық Республикасымен шекаралас «Достық» бекетіндегі және «Қорғас» арнайы экономикалық аймағындағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ Алакөл, Балқаш көлдері жағалауындағы демалыс орындарын, тау туризмін қарқынды түрде дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады