Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2,5 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер кәсіби біліктілігін ресми тану рәсімінен өтті

2,5 мыңға жуық әлеуметтік қызметкер кәсіби біліктілігін ресми тану рәсімінен өтті
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік қызметкерлердің біліктілігін тану орталығы 2025 жылы Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында құрылды. Бүгінгі таңда 2 453 әлеуметтік қызметкер біліктілікті тану процедурасынан сәтті өтті. Алынған сертификат аттестаттаудан өту және біліктілік санатын беру кезіндегі негізгі құжат болып табылады.

Былтырдан бастап әлеуметтік сала мамандарының кәсіби құзыреттілігі туралы мәліметтерді қамтитын Әлеуметтік қызметкерлер тізілімі жұмыс істейді. Бұдан бөлек Enbek.skills білім беру платформасында 12 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер оқытылды. Олардың барлығы курстарды сәтті аяқтап, сертификаттарын алды. Оқыту модульдері кейс-менеджментті, ведомствоаралық өзара іс-қимылды, қызмет алушыларды сүйемелдеуді цифрландыруды және әлеуметтік жұмыстағы инклюзивті тәсілдерді қамтиды.

Іске асырылып жатқан барлық шаралар әлеуметтік қызметкерлерді халықаралық стандарттарға сәйкес кәсіби даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және халыққа көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.

Министрлік кадрлық әлеуетті дамыту, цифрлық құралдарды енгізу және әлеуметтік қорғаудың тұрақты, адамға бағытталған жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыра береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады