Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда көлік саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті

Қазақстан Санкт-Петербургтегі халықаралық форумда көлік саласын цифрландыру тәжірибесімен бөлісті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Санкт-Петербург қаласында өткен Халықаралық көлік-логистика форумының аясында Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров «Цифрлық платформалардың жаһандық интеграциясы: халықаралық логистика үшін бірыңғай кеңістікті қалай құруға болады» тақырыбындағы сессияда сөз сөйледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Өз баяндамасында ол сессия қатысушыларын көлік инфрақұрылымын цифрландыру нәтижелерімен таныстырды. Атап айтқанда, автожолдардың бірыңғай e-Joldar жүйесі әзірленуде, автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда, жолдарды диагностикалауда жасанды интеллект технологиялары қолданылуда, сондай-ақ теміржол көлігінде қозғалыс кезінде жылжымалы құрамды диагностикалауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешендер енгізілуде.

Автомобиль көлігі саласында рұқсат беру бланкілері Өзбекстан және Қытаймен электрондық форматқа ауыстырылғаны, Әзербайжанмен техникалық жұмыстардың аяқталғаны атап өтілді. Сонымен қатар бірқатар мемлекеттермен тиісті келісімдер мен оларды пысықтау жоспарлары бар.

Электрондық жүкқұжаттарына қатысты e-CMR халықаралық конвенциясына қосылу рәсімі аяқталу сатысында. Ағымдағы жылы көршілес елдермен тесттік жобаларды іске қосу жоспарлануда.

Теміржол саласында DTC жүйесінің Tez Customs модулі енгізіліп, транзиттік декларацияларды рәсімдеу үдерісі автоматтандырылды. Нәтижесінде оларды рәсімдеу уақыты 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. 2025 жылғы қазанда аталған жүйе «РЖД» АҚ-мен бірлесіп Достық – Брест Орталық бағыты бойынша іске қосылды.

Азаматтық авиация саласында e-Freight жүйесі арқылы электрондық құжат айналымы елдің барлық әуежайларында және авиакомпаниялардың басым бөлігінде қолданылуда.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында логистикалық және кедендік қызметтерді біріктіретін Smart Cargo бірыңғай терезесі енгізілгені, сондай-ақ жүктің бүкіл бағыты бойынша бірыңғай деректерді пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық тасымалдау паспорты (QR-код) іске қосылғаны атап өтілді.

Сонымен қатар Бірыңғай деректер қорын қалыптастыруды және жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануды көздейтін Ұлттық зияткерлік көлік жүйесі іске асырылуда. Бұл көлік саласының жай-күйін нақты уақыт режимінде бақылауға, тәуекелдер мен инциденттерге жедел әрекет етуге, сондай-ақ талдау және болжау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сөз соңында вице-министр форум қатысушыларын ынтымақтастықты кеңейтуге және халықаралық логистика үшін бірыңғай кеңістік қалыптастыруға шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады