Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен ҚХР автотасымалдарға рұқсат беру бойынша шектеусіз жүйеге көшуге келісті

Қазақстан мен ҚХР автотасымалдарға рұқсат беру бойынша шектеусіз жүйеге көшуге келісті
Фото: ҚР Көлік министрлігі

2025 жылғы 5-6 қараша күндері «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі өкілдерінің халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелеріне қатысты кездесуі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің, «Қазақстан халық банкі» АҚ, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ және тасымалдаушылар қауымдастығының өкілдері кірді.

Келіссөздердің нәтижесінде тараптар келесі келісімдерге қол жеткізді:

  • ағымдағы жылғы 6-12 қараша аралығында қытай тарапы қазақстанға 15 мың рұқсат бланкілерін береді. Осылайша жеті күннің қорытындысы бойынша қазақстандық тасымалдаушылардың тәуліктік нақты қажеттілігі айқындалады. Алынған деректердің негізінде болашақта рұқсат бланкілері күн сайын берілетін болады.
  • 2026 жылдан бастап рұқсат бланкілерін сандық шектеусіз, яғни шексіз түрде беру жүйесіне көшу жоспарлануда. Осылайша қытайға электронды кезек жүйесі арқылы кіретін барлық көлік құралдарына, ҚХР заңнамасын бұрын бұзбаған жағдайда, рұқсаттар автоматты түрде берілетін болады.

Атап өту қажет, 2024 жылы қазақстандық тасымалдаушылар 228 мың рұқсат бланкілерін пайдаланған, ал ағымдағы жылдың басынан бері 230 мыңнан астам қытайлық рұқсат бланкілері алынған және пайдаланылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті