Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көлік министрлігінің өкілдері «Цифрлық көлік дәліздері» халықаралық форумына қатысты

Көлік министрлігінің өкілдері «Цифрлық көлік дәліздері» халықаралық форумына қатысты
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының, Азия даму банкінің, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің салалық министрліктері мен ұйымдарының өкілдері қатысқан «Цифрлық көлік дәліздері» халықаралық форумы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің атынан «Тасымалдау саласындағы халықаралық және трансшекаралық ынтымақтастық» тақырыбы бойынша өткен сессияға цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Серғазы Омаш қатысты.

Баяндама барысында спикер сессияға қатысушыларға автомобиль жүк тасымалдарындағы Өзбекстан Республикасымен электрондық рұқсат беру бланкілеріне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелері туралы айтып берді.

Сондай-ақ ынтымақтастық туралы өзара Меморандумға қол қойылғаны және биыл 15 сәуірден бастап пилоттық режимде электрондық бланкілерді алмасу және беруді бастау жоспарланғаны атап өтілді. 

Сонымен бірге Қазақстанның Tez Customs жүйесі арқылы теміржол логистикасын цифрландыру бойынша сингапурлық PSA компаниясымен ынтымақтастығының қорытындылары көрсетілді.

Жүйені пилоттық форматта енгізу «Жасыл дәліз» жобасы шеңберінде кедендік транзит процестерін автоматтандыруға мүмкіндік бергені атап өтілді.

Баяндамасын қорытындылай келе, С.Омаш форумға қатысушыларды Орталық Азия елдері арқылы өтетін цифрлық көлік дәліздері арқылы жүктерді мультимодальды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында өзара ынтымақтастыққа шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді