Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Алматыда самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді
Фото: polisia.kz

Алматы қаласында “STOP бұзушылық” өңірлік жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында микромобильдік құралдарды пайдалану қағидаларының сақталуына бақылау күшейтілді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану белсенділігі артты. Осыған орай патрульдеуге мобильді самокаттық экипаж шығарылды. Олардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді. Негізгі назар жалпы білім беретін оқу орындарының маңына және оған іргелес көше-жол желілеріне аударылды.

Бір күннің қорытындысы бойынша электр самокаттарын пайдалану қағидаларын бұзудың 70 дерегі анықталды, оның ішінде 10 жағдайда кәмелетке толмағандардың басқару фактілері тіркелді.Кикшеринг компанияларымен бірлесіп, құқық бұзушылықтарға жол берген пайдаланушылардың 7 аккаунты бұғатталды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың 3 заңды өкілі балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырды.

– Құрметті ата-аналар, балаларыңыздың электр самокаттарын қалай және қай жерде пайдаланатынына ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Кәмелетке толмағандарға мұндай көлік құралдарын басқаруға жол берілмеуі тиіс. Бұл – ең алдымен олардың қауіпсіздігі мәселесі. Сіздердің жауапкершіліктеріңіз, – ықтимал тәуекелдердің алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу, – деді ол.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады