Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада студенттерге цифрлық ортадағы заманауи қауіптер туралы түсіндірілді

Астанада студенттерге цифрлық ортадағы заманауи қауіптер туралы түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты, сондай-ақ Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада аясында «Тұран-Астана» университетінің 2-3 курс студенттеріне цифрлық ортадағы заманауи қауіптер туралы дәріс өткізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дәріске университеттің 150-ден астам студенті қатысты. Негізгі тақырыптар қатарында дропперлік, дипфейктер және азаматтар мен ұйымдардың қаржылық қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіретін жаңа киберқауіп түрлері қарастырылды. Студенттерге зиянды бағдарламаларды таратуда қолданылатын дропперлердің жұмыс істеу тетіктері, сондай-ақ шынайы көрінетін жалған аудио және бейнематериалдар жасауға мүмкіндік беретін дипфейк технологияларының артып келе жатқан қаупі туралы айтылды.

Іс-шара соңында студенттерге 2026 жылғы Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада туралы ақпарат ұсынылды. Қатысушылар олимпиадаға белсенді қатысуға шақырылды. Бұл өз кезегінде білімін сынап көруге, кәсіби дағдыларын дамытуға және республикалық деңгейде өзін танытуға жақсы мүмкіндік екені атап өтілді.

Қаржылық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық олимпиада – дарынды жастарды анықтауға және қолдауға, сондай-ақ қаржылық құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған ауқымды білім беру жобасы. Олимпиада студенттерді, сарапшыларды және салалық ұйым өкілдерін біріктіріп, қаржылық қауіпсіздік саласында білім мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң қалыптастырады.

Дәріс оқыған мамандар жастар арасында сыни ойлау дағдыларын қалыптастырудың және интернеттегі ақпаратқа мұқият қараудың маңыздылығын атап өтті.

Осындай іс-шаралар студенттердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ заманауи киберқауіптерге төзімділігін қалыптастыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады