Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Үкіметке ауыл шаруашылығының жай-күйіне мұқият талдау жүргізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аграрлық бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz Ақордаға сілтеп.

Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені саласындағы бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Жиында ауыл шаруашылығын дамытудың түйткілді мәселелері мен перспективалары талқыланды.

Кездесуде Президент былтыр ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 9,1 пайызды құрағанын атап өтті. Оның айтуынша, егін бітік шығып, диқандар 23 миллион тоннаға жуық астық жинады. Сондай-ақ егіс алқаптарын әртараптандыру және мол өнім беретін дақылдар өсіруге көшу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Майлы дақылдар өсіретін егіс көлемі шамамен 4 есе ұлғайып, 3,5 миллион гектарға жетті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл оң нәтижеге күнделікті еселі еңбегімен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қосып жүрген ауыл азаматтарының арқасында жетіп отырмыз.


Сонымен қатар Президент аграрлық саладағы бірқатар түйткілді мәселені ашық талқылау аясында қарастыруды ұсынды.

Кездесу барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, көпсалалы «Родина» кәсіпорнының директоры Иван Сауэр, «Зенченко және К» шаруа серіктестігінің директоры Геннадий Зенченко, «Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы» ЖШС-нің директоры Фарид Әбітаев сөз сөйледі.

Олар өндірісті әртараптандыру, шикізатты терең өңдеу және жаңа агроөнімдерді өндіру, қант саласын дамыту, тұқым шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, сондай-ақ ішкі нарықты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті арттыру мәселелерін қозғады.

Жиын барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қаражат бөлу мен пайдаланудың тиімділігі, жер және су ресурстарын әділ бөлу мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

Аграрлық бизнес өкілдері ауылдарда өмір сүру сапасын арттыру, жол-көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мектептер мен балабақшалардың жағдайын жақсарту, сондай-ақ кадр даярлау қажеттігін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі