Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті

Қазақстан мен Ұлыбритания ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті
Фото: ҚР АШМ

Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін министр Айдарбек Сапаров Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Личпен кездесуде талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Министр АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың және елдер арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

"Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін, атап айтқанда дәнді дақылдарды, кондитерлік және ұн өнімдерін, ет және ет өнімдерін, өсімдік майын және т.б. жеткізуді ұлғайтуға мүдделіміз, елдеріміз арасындағы сауданы ұлғайту, оның құрылымын жақсарту, жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруды ұсынамыз", - деп атап өтті Айдарбек Сапаров.

"Қазақстанның аграрлық секторда үлкен тәжірибесі бар екенін ескере отырып, біз сіздермен ынтымақтастықты тереңдетіп, АӨК өнімдерінің тауар айналымын арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істегіміз келеді. Ағымдағы жылы дәнді дақылдардың мол өнімін күтудесіздер, мал шаруашылығы да дамуда. Осы ретте, бізде көптеген ынтымақтастық үшін себептер бар", - деді Кэти Лич өз кезегінде.

Тараптар Ұлыбританияға сүт және ет өнімдерін, оның ішінде жылқы өнімдерін жеткізуге қойылатын ветеринариялық-санитариялық талаптарды келісу мәселелерін талқылады.

Қазақстандық тарап сонымен қатар аграрлық ғылым саласында, атап айтқанда қой және жылқы шаруашылығында селекциялық-генетикалық жұмыс, технологиялар трансферті және мамандардың біліктілігін арттыру саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынды.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникасын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорындар құру бойынша инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру ниеті бар.

Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасына қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, ол инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты мерзімдерін, кезеңдерін және ауыл шаруашылығы саласындағы елдер арасындағы тауар айналымын ұлғайту жөніндегі шараларды айқындайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді