Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роман Скляр Боао Азия форумына қатысты

Роман Скляр Боао Азия форумына қатысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жыл сайын өтетін Боао Азия форумының 25-ші конференциясының ашылу салтанаты мен іс-шараларына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум жұмысына Сингапур Премьер-министрі Лоуренс Вонг, Әзірбайжан Республикасының Милли Мәжілісінің төрағасы Сагиба Гафарова, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы Парламентінің Спикері Джагат Викрамаратне, Бүкілқытайлық Халық Өкілдері Жиналысының Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи, сондай-ақ әлемнің 60-тан астам елдері мен аймақтарының жоғары өкілдері қатысты.

Форумның 25-ші конференциясын Боао Азия форумының Директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун ашты. Ол өз сөзінде қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер, оның ішінде геосаяси ахуалдың шиеленісуі, қарулы қақтығыстар санының өсуі және орнықты дамуға төніп тұрған қатерлер кезінде Азия елдері мен халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін шоғырландыру қажеттігін атап өтті. Өзара сенімді нығайтуға, өңірлік интеграцияны тереңдетуге, әлемдік экономиканың ашықтығын сақтауға және өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілетуге ерекше назар аударылды.

«Жоғары деңгейдегі диалог: жаһандық белгісіздік жағдайына айқындық енгізу» сессиясында сөз сөйлеген Роман Скляр Қазақстанның ашық экономика, орнықты даму және инвестициялық саясаттың болжамдылығы қағидаттарына бейілділігін атап өтіп, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен өзара байланысқан көліктік-логистикалық дәліздерді дамытудың маңыздылығына тоқталды. Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы сенімді серіктес және транзиттік хаб ретіндегі рөліне, сондай-ақ жаһандық экономикалық сын-тегеуріндерге жауаптарды бірлесіп іздеу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Жұмыс сапары аясында Роман Скляр Хайнань провинциясының Халық үкіметінің төрағасы Лю Сяоминмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды, туризм және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларындағы ынтымақтастықты, тікелей авиарейстерді дамытуды, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен Хайнань провинциясы арасындағы практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуді қоса алғанда, екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Роман Скляр индустриялық аймақтар мен көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуды қоса алғанда, бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, Қазақстан Қытай инвесторлары үшін сенімді және ашық серіктес болып қала беретінін айтты.

Хайнань провинциясының губернаторы Лю Сяомин өңірдің аталған салаларда Қазақстанмен ынтымақтастықты жолға қоюға жоғары мүдделі екенін және ҚР өңірлерімен өзара тығыз іс-қимылды жолға қоюға дайындығын білдірді.

Сапар аясында Роман Склярдың жетекші қытай компанияларының басшыларымен кездесулері өтті. Тараптар жүзеге асыратын басым жобалардың жай-күйін, мұнай және газ, мұнай химиясы және көмір химиясы, металлургия, автомобиль жасау және Қазақстан үшін басқа да басым салалардағы өнеркәсіптік және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Роман Скляр Қазақстанның жаңа Конституциясы инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру және ауқымды бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қосымша жағдайлар қалыптастыратынын атап өтіп, Қазақстан Үкіметінің бірлескен бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге, оларды іске асыруды үйлестіруді қамтамасыз етуге және барлық кезеңдерде жобаларды табысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға әзір екендігін жеткізді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша қытайлық компаниялардың өкілдері қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, өндірістік және технологиялық өзара іс-қимылды кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда өндірілетін өнімді локализациялау жұмыстарын тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады