Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ең алдымен Қазақстан және Түркия президенттері Ораза айт пен Наурыз мерекелеріне орай бір-біріне ізгі тілектерін жеткізді. Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.

Түркия Президенті аталған оң өзгерістер Қасым-Жомарт Тоқаевтың парасатты әрі батыл саясатының нәтижесі екенін атап өтіп, Негізгі заң Қазақстанның одан әрі қарқынды дамуына, сондай-ақ ішкі және халықаралық әлеуетінің нығаюына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Қазақстан Президенті түрік байқаушыларының референдумға белсенді атсалысқаны үшін алғыс айтып, мұны бауырлас әрі достас елдер қарым-қатынасының бір көрінісі ретінде бағалады.

Режеп Тайип Ердоған биыл 14 мамырда Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына және осы сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына, сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне айрықша мән беретінін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысының Астанада ұйымдастырылатын жоғары деңгейдегі келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестігіне тың серпін беру тұрғысынан аса маңызды деген пікірін құптады.

Сонымен қатар Түркістандағы түркітілдес елдер  басшыларының саммитіне үлкен үмітпен қарайтынын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, қазақ халқы Түркия Президентін еліміздің төрінде қуана қарсы алады.

Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысын cәуірде Анталияда өтетін Дипломатиялық форум отырысына қатысуға шақырды.
Қазақстан Президенті шақыруды ықыласпен қабыл алды.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады