Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға жарты миллионнан астам адам қатысты
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматының Қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға мегаполистің 500 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы қатысты. Мереке қаланың сегіз ауданының барлығын қамтып, негізгі оқиғалар 18-21 қыркүйек күндері өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, KitapFest фестивалін 40 мыңнан астам адам тамашаласа, Тұңғыш Президент саябағындағы мерекелік іс-шараларға 100 мыңнан астам қонақ келді. Ал «Астана» алаңында таңнан кешке дейін 130 мыңнан астам көрермен жиналды.

Қаланың орталық алаңдарында, саябақ пен көшелерінде ауқымды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды: Тұңғыш Президент саябағында көлемді Alma Fest-2025 өтті, Панфилов көшесі инновациялық Digital Fest алаңына айналды, ал Арбат KitapFest фестивалінің арқасында нағыз әдебиет орталығына айналды. Бұған қоса, Астана алаңы, Абай алаңы және «Көктөбе» жотасында үлкен концерттер өтті.

Алматылықтар мен қала қонақтарына Роза Рымбаева, «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Біржан Хасанғали, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il Canto квартеті, «ЖасStars», Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Жанболат пен Жазира, Салтанат Бақаева, «Ұлытау», «Бақай», «Сардар» топтары, Елбол Қуанбек, Алма Аманжолова, Марал Анарбек, Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Заттыбек Көпбосын және тағы да көптеген артист өнер көрсетті.

Гала-концерттердің хедлайнерлері Қайрат Нұртас, TURAR, bellucci, «МузАрт» тобы, Shiza, De Lacure, Adam және Ninety One тобы болды. Қала күні Алматыны Қазақстанның мәдени астанасы ретіндегі мәртебесін тағы да айшықтай түсті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті