Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактивті арт-нысан орнатылды

Үлкен Алматы өзенінің арнасына интерактивті арт-нысан орнатылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Сайран көліне құятын Үлкен Алматы өзенінің арнасына арт-нысан орнатылды. Оған DASM Group жарнама холдингінің құрамына кіретін «Progression CA» ЖШС жарнама агенттігі мұрындық болған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Игі іске бюджет қаржысы жұмсалған жоқ, жобаға бастамашы агенттік қаражат бөлген. Арт-нысан Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасымен келісілген. Енді наурыз айының соңында ресми түрде ашылмақ.

Мүсіннің идеясы халықаралық деңгейде кеңінен талқыланған Алматыдағы Сайран көлі маңында болған итті құтқару оқиғасына негізделген. Бұл қоғамға қарапайым, бірақ маңызды құндылықтарды тағы бір мәрте еске салды.

Арт-нысанның тұжырымдамасы өзара көмек, ынтымақ пен бірлік идеясын дәріптейді. Композиция бір-бірімен байланысқан адамдар бейнесі арқылы қиын сәтте қолдау көрсету мен бірлескен әрекеттің маңызын көрсетеді. Жобаның өзегінде қоғамда кеңінен қолдау тапқан адамгершілік қағидалары жатыр.

Заманауи интерактивті форматта жасалған арт-нысан қала тұрғындары мен қонақтары жиналатын жаңа орынға айналмақ. Нысан ортақ игілік жолындағы бірлік пен ынтымақтастықтың мәнін тереңірек ұғынуға жетелейді.

Жобаның басты мақсаты — қоғамдық кеңістіктерді дамыту және бірлік, өзара көмек пен ынтымақтастық құндылықтарын қалалық ортада кеңінен насихаттау.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді