Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ге жуық сотталған бар. Олардың арасында сот жүктеген міндеттерді орындамай, сот қаулысымен бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне жіберіліп жатқандар кездеседі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есептегі азамат сот қаулысымен бас бостандығынан айырылып, түзеу мекемесіне қамалды.
Ол ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп танылған еді. Содан 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, оған пробациялық бақылау белгіленген. Пробация есебіне алынған соң азаматқа пробациялық бақылау инспекторы Жадыра Исмаилова сот белгілеген міндеттерді орындау, жаза өтеу мерзімі, тіркеуге келу уақыттарын түсіндірді. Алайда бұл сотталған белгіленген міндеттерді орындамай, жаза өтеу мерзімінде өзін теріс жағынан көрсеткен. Сонымен қатар ол белгіленген күндері пробация қызметіне тіркелуге бірнеше рет себепсіз келмей және тексеру кезінде мекенжайында болмаған. Оған бірнеше рет ескеру беріліп, әкімшілік жазаға тартылған.
Жадыра Исмаилова сотталғанның құжаттарын жинақтап, бас бостандығынан айыруға сотқа ұсыныс жолдаған.
Жуырда Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен ҚР Қылмыстық кодексінің 44-бабы 3-бөлігінің талабына сәйкес жазасы 2 жыл 8 күнге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, қамауға алынды.