Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қар күреу жұмысына мыңдаған жол жұмысшысы шықты

Астанада қар күреу жұмысына мыңдаған жол жұмысшысы шықты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананың коммуналдық қызметі алғаш қар жауған күннен бастап тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп келеді. Қаланы қардан тазалау жұмысы күндіз де, түнде де тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өткен түнде елордадан қар полигондарына 50 492 текше метр қар 3 073 ауыр жүк көлігінің рейсімен шығарылды.16 наурыздың таңынан бастап қаланы қар мен мұздан тазалау жұмысына 1 867 арнайы техника мен 3 001 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа учаскелерде – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіледі. Бұл жұмыс та тәулік бойы атқарылып жатыр.

Қыс маусымы басталғалы бері қар полигондарына 507 140 рейспен жалпы көлемі 7 млн 697 мың 958 текше метр қар шығарылды.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын жолдар мен тротуарларда сақ болуға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және сапарға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті