Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство азаматтарға келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды қатаң түрде ұсынады:
- дауылды ескертулерді қадағалап отыру;
- жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
- алыс жолға шықпау және ұзақ қашықтыққа жаяу жүрмеу, әсіресе түнгі уақытта.
Сондай-ақ министрлік 10 наурызға қараған түні кейбір жол учаскелері жабылғанын хабарлады. Мәселен, сағат 09:00-де республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерін ашу жоспарланып отыр:
Абай облысы:
- Бесқарағай ауылы – Семей қаласы;
- Семей қаласы – Ресей шекарасы.
Қызылорда облысы:
- Қызылорда қаласы – Түркістан облысының шекарасы;
- Қызылорда қаласы – Ұлытау облысының шекарасы.
Түркістан облысы:
- Қызылорда облысының шекарасы – Түркістан қаласы.
Ұлытау облысы:
- Қызылорда облысының шекарасы – Жезқазған қаласы
Сонымен қатар 10 наурыз күні сағат 03:30-да республикалық маңызы бар автожолдардың келесі бөліктерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді:
Жамбыл облысы:
- "Ресей шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы" автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша-бибі ауылы – Түркістан облысының шекарасы).
Түркістан облысы:
- осы автожолдың 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасы – Машат кенті).
- Жамбыл және Түркістан облыстарында қозғалысты ашудың болжамды уақыты – 10 наурыз сағат 10:00.
Бұдан бөлек, 10 наурыз күні сағат 07:00-де республикалық маңызы бар автожолдардың мына бөліктерінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізілді:
Солтүстік Қазақстан облысы:
- Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолы, 595-624 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Дружба ауылы).
Қостанай облысы:
- Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолы, 218-232 шақырым аралығы (Октябрь кенті – Ақмола облысының шекарасы);
- Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолы, 340-377 шақырым аралығы (Арқалық қаласы – Ақмола облысының шекарасы).
Аталған жолдарды ашудың болжамды уақыты – 10 наурыз сағат 12:00.
Бұған дейін "Қазгидромет" 10 наурызға арналған дауылды ескерту жариялаған болатын.