Мереке қарсаңында Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасы Президентінің атынан мемлекеттік наградалар табыстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат иелері қатарында мәдениет, білім беру, медицина, энергетика, бизнес және қоғамдық қызмет саласының өкілдері бар. Қазақстанның халық артисі Нүкетай Мышбаева III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Ол 70 жылдан астам уақыт бойы Мұхтар Әуезов атындағы театр қызмет етіп келеді. Биыл ол 90 жасқа толады. «Құрмет» орденімен Раушан Жақсыбай, Әсел Марченко, Тұрсынкүл Тасболатова және Әлия Төрешева марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Айдана Айдарова, Елена Крюкова, Анаркүл Құрманбаева және Айдана Тыныбек наградталды.8 наурыз қарсаңында Алматы еңбегімен, білімімен және қамқорлығымен шаһардың дамуына күн сайын үлес қосып жүрген әйелдерге алғыс білдіреді.