Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Моңғолия АӨК саласында ынтымақтастықты күшейтуде

Қазақстан мен Моңғолия АӨК саласында ынтымақтастықты күшейтуде
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярхуумен кездесіп, тараптар агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) саласындағы ыпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының 2024 жылы Моңғолияға жасаған сапары екіжақты ықпалдастыққа жаңа серпін берді. Келіссөздер қорытындысында тері мен жүнді өңдеу бағытындағы ынтымақтастық және ветеринария бағыты бойынша екі маңызды меморандумға қол қойылды. Бұл елдеріміздің ауыл шаруашылығы саласында әріптестікті күшейтуге өзара ынталы екендігінің жарқын көрсеткіші», — деп атап өтті Айдарбек Сапаров. 

Сондай-ақ өткен жылы өзара сауда көлемі 32%-ға артып, 30 млн АҚШ долларын құрағанын алға тарта келіп, бұл экономикалық байланыстың қарқынды дамуын көрсететінін айтты.

Кездесу иелері тауар айналымын одан әрі ұлғайту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеткізілімін әртараптандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Екіжақты өзара іс-қимыл аясында ветеринариялық қызметтер Қазақстаннан асыл тұқымды ірі қара мал, тағамдық жұмыртқа, құс етін, сондай-ақ тауарлық және асыл тұқымды қой мен ешкіні экспорттауға арналған ветеринариялық сертификаттарды келісіп, бекітті.

Қазіргі уақытта Моңғолиядан Қазақстанға кашемир ешкілерін импорттау бастамасы пысықталуда. Эпизоотиялық ахуалды зерделеу және ынтымақтастықтың ветеринариялық қырларын жан-жақты қарастыру мақсатында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің өкілдері Моңғолияда инспекциялық сапарда жүр.

Өз кезегінде Доржийн Баярхуу аграрлық салада Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделілік білдіріп, сауда көлемін арттыру, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласындағы кооперацияны дамыту және ветеринариялық өзара іс-қимылды нығайту үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар сындарлы диалогты жалғастыруға және қол жеткізілген келісімдерді одан әрі іске асыруға дайын екендерін жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты