Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Щучинскідегі қайғылы оқиға: аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі?

Щучинскідегі қайғылы оқиға: аман қалғандардың жағдайы туралы не белгілі?
Фото: @aqmola_dsb

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында болған өрттен зардап шеккендер туралы мәлімет берді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Нариман Ермектің айтуынша, барлығы 28 адам зардап шеккен. Оның ішінде екеуі ауыр, тағы екеуі өте ауыр жағдайда жатыр. Олар жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Тағы 4 адам Көкшетаудағы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, 5 адам Астанаға жеткізілген, 8 зардап шегуші амбулаториялық ем қабылдап жатыр.

Бастапқыда өрттен 5 адам қаза тапқан, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде көз жұмды. Барлығы жеті адам қайтыс болған.

"Барлық күш жұмылдырылып, көмек көрсетіліп жатыр. Астанадан мамандар - анестезиолог-реаниматологтар, эфферентологтар келді, олар қазір гемофильтрация (қанды тазарту - еск.) процедурасын жүргізіп жатыр. Барлық қажет материал, дәрі-дәрмектер мен препараттар жеткілікті көлемде бар", - деді Нариман Ермек.

Бұған дейін бірнеше науқасты емдеу үшін Астанаға жеткізу мүмкін екені хабарланған еді. Алайда денсаулық сақтау басқармасы өңірден 8 адамды әзірге елордаға тасымалдау мүмкін емес екенін, себебі олардың жағдайы ауыр екенін айтты.

Жалпы, жансақтау бөлімінде жатқан сегіз адамның көпшілігі мекеме қызметкерлері.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады