Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады

Олжас Бектенов ЕАДБ басшысы Николай Подгузовпен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді. Онда экономиканың басым бағыттарындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Премьер-министр ЕАДБ-ның кезекті стратегиялық кезеңінің аяқталғаны және Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етілді.

Банктің жинақталған портфелінде инвестициялардың жалпы көлемі $19,6 млрд болатын 326 жоба бар. Тек 2022-2026 жылдары ЕАДБ қатысушы елдердің экономикасына $9 млрд инвестициялады, оның ішінде $5,2 млрд инвестициялық міндеттемелер Қазақстанға тиесілі, бұл Банктің бұған дейінгі 15 жылдағы инвестициялар көлемімен тең. Соңғы төрт жылда ҚР экономикасына салған инвестиция көлемі жыл сайын $1 млрд-тан астам болған болса, 2025 жылы $1,5 млрд-қа жетті.  Қазақстанның ЕАДБ-ның ағымдағы инвестициялық портфеліндегі үлесі бүгінгі күні 64,9%-ды құрайды. Банктің елімізге салған инвестициялары негізгі секторлар бойынша бөлінген: шамамен $2,1 млрд – өнеркәсіпті дамытуға, $1 млрд – энергетикаға, $1 млрд – көлік инфрақұрылымына, $1 млрд – қаржы секторына бағытталған.

Қаржы бөлінген маңызды жобалардың ішінде - «Силлено» газ өңдеу зауытының, Атырау облысындағы KPI газ-химия кешенінің құрылысы, тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарын жаңғырту, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы ЖЭО-ларды қайта жаңарту және тағы басқалар бар. Банк дәстүрлі энергетиканың да, жаңартылатын энергетиканың да дамуын белсенді қолдайды. Атап айтқанда, Қазақстанда шамамен әрбір 8 кВт ЕАДБ қатысуымен өндірілді. Бұл Қарағанды, Түркістан, Ақмола және тағы да басқа облыстардағы жобалар. Көлік саласында ҚТЖ үшін локомотивтер мен жүк вагондарын жеткізу және автомобиль жолдарын реконструкциялау бойынша жобалар қаржыландырылды. Цифрлық бастамалар қоры және техникалық жәрдемдесу тетіктері арқылы ЖИ мен цифрлық платформаларды дамыту саласындағы жобаларға қолдау көрсетіледі.

Осы жылы ЕАДБ ірі жобаларды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, тау-кен өндіру секторында және тағы да басқа салаларда қаржыландыруды жалғастырады. Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-ны жаңғырту жалғасады, бұл қаланы жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға және жабдықтардың тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Түркістан және Қызылорда облыстарында жаңа өндіруші қуаттарды іске қосатын екі күн электр стансасын салу жоспарланған. Телекоммуникация саласында байланыс инфрақұрылымы мен цифрлық қамтуды дамытуға инвестициялар көзделген. Өнеркәсіпте өндірісті ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарынашуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру жоспарланған.   ЕАДБ басқарма төрағасы Банктің ел экономикасын дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жан-жақты жәрдемдесуге дайын екенін атап өтті. Николай Подгузов Қазақстанда жүргізіліп жатқан Конституциялық реформа, оның ішінде елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсартуға ықпал ететінін жеткізді.

Премьер-министр мемлекеттің ағымдағы басымдықтарына сәйкес келетін базалық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салудың маңыздылығын атап өтті. Бұдан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарының бірі Қазақстанда да, басқа елдерде де белсенді дамып келе жатқан цифрлық күн тәртібі болып саналады. Бұл бағытта бірлесіп жұмыс істеу үшін айтарлықтай әлеует бар.

Кездесу қорытындысы бойынша сындарлы әріптестікті одан әрі нығайтудың және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мүддесінде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты