Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді

Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді
Фото: primeminister.kz

Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты»  АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Бүгінгі таңда ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграциялануда, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.

Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті