Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда балалар мен ересектерге арналған көпфункционалды оңалту орталығының құрылысы жалғасуда

Жетісуда балалар мен ересектерге арналған көпфункционалды оңалту орталығының құрылысы жалғасуда
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жетісу облысында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жалғасуда. Талдықорған қаласында салынып жатқан көпфункционалды кешен жан-жақты сауықтыру, медициналық оңалту қызметтерін көрсетуге арналған және мұнда уақытша тұруға болады. Бұл – өңірдегі осындай бағыттағы алғашқы нысан, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, болашақ орталықтың жалпы аумағы 21 мың шаршы метрден асады. Ғимарат 5 функционалдық блоктан тұрады, олардың әрқайсысы талапқа сай қолжетімді әрі жайлы болады.

– Өткен жылдың қазан айында салына бастаған оңалту орталығы бір мезгілде 150 адамды қабылдауға есептелген. Оңалтуға жолдаманы тұрғылықты жері бойынша медициналық мекемелер дәрігердің шешімі негізінде береді. Орталықтың бірінші блогында белсенді демалыс пен дене шынықтыру арқылы оңалтуға жағдай жасалып, сауықтыру бассейні қарастырылған. Екінші блокта спорт залы мен мәдени демалысқа арналған көрермендер залы болады. Негізгі блок сапалы медициналық, оңалту қызметтерін көрсетуге арналып жабдықталады. Жеке блоктарда асхана, сондай-ақ келушілердің уақытша тұруына арналған бір, екі орынды бөлмелер қарастырылған. Орталықта қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтар үшін барынша қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінген. Жалпы, орталықтың құрылысы өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағытындағы жұмыстың маңызды бөлігі деуге болады, бұл мәселе Жетісу облысы әкімінің тұрақты бақылауында, – деп атап өтті облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев.

Қазіргі кезде нысанда қабырғаны арматуралау, іргетасты гидрооқшаулау, бетондау, қайта толтыру, бағандар орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарына 65 адам, 12 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.

Жалпы, Жетісу облысы аумағында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 13 мекеме жұмыс істейді. Өткен жылы олар шамамен 4 мыңға жуық әлеуметтік қызмет көрсеткен. Талдықорғанда салынып жатқан оңалту орталығы солардың ең ірісі болмақ. Бұл нысан өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға көрсетілетін оңалту қызметтерінің сапасын арттыруға елеулі үлес қоспақ.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті