Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Р. Скляр Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын тексерді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр облысқа жұмыс сапары барысында кәсіпорындарды, инфрақұрылым объектілерін қарап шықты, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Облыс орталығында Р. Скляр республикалық магистральдің Павлодар мен Семей арасындағы учаскесінің реконструкциясымен танысты, жауапты мекемелердің есептерін тыңдап, құрылған көлік инфрақұрылымының барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып жұмысты уақытында аяқтау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Жұмыс сапары аясында вице-премьерге «Достық» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысы таныстырылды. Бүгінгі күні жаңа шағын ауданда 5 тұрғын үй пайдалануға берілді.

Успен ауданында Р. Скляр мен ауыл шаруашылығы министрі Е. Қарашөкеевке өнімдері Қазақстан өңірлеріне жеткізілетін «Галицкое» ЖШС сүт фермасының қызметі таныстырылды.

Жұмыс сапарының соңында Роман Скляр аймақта электр және жылу энергетикасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Жұмыс сапарына, сонымен қатар, энергетика және ұлттық экономика вице-министрлері, ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы қатысты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты