Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда биыл 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдер қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпханов, «Отбасы банкі» басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, «Qazaq stroy» ЖШС атқарушы директоры Нұрлан Артықбаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр баяндама жасады.


«Тұрғын үй саясатын тиімді іске асыру Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2030 жылға қарай баспанамен қамтамасыз етуді 1 адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізу туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырған кезде алдағы бес жылда 100 млн шаршы метрден астам үй салуды тапсырды. Осылайша біз 1 млн жуық отбасын үймен қамтамасыз ете аламыз», — деді А. Мамин.


Премьер-Министр алға қойылған ауқымды міндеттерді іске асыру үшін тұрғын үй саясаты реформаланып жатқанын атап өтті. Жаңа шаралар кешені тұрғын үйдің қолжетімділігін одан әрі арттыруды, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке құрылыс салушылардың инвестициялар ағынын ынталандыруды көздейді.


Нарық жағдайында тұрғын үйді қаржыландыру көлемін арттыру бойынша тәсілдер әзірленді. Бұл жұмыстың негізгі құралы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлерді сата отырып, мұқтаж азаматтардың кезегін орталықтан қалыптастырып, жүргізетін «Отбасы банк» құрылған.


Биыл барлығы 17 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 2 млн шаршы метрге артық.


Импортталатын құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту аясында жақын арада газ-бетон блоктарын, қасбеттік фиброцементті плиталар, жылу оқшаулағыш материалдар, сэндвич-панельдер, темір-бетон конструкцияларын, керамикалық плиталар өндіру бойынша жалпы құны 63 млрд теңгеден асатын жеке инвесторлардың жобаларын іске асыру жоспарланып отыр.


Премьер-Министр осы жылдың 25 наурызына дейін тұрғын үй саясатындағы жаңа тәсілдерді іске асыру және биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізу үшін заңнамаға түзетулер енгізу туралы заң жобасын Үкіметке енгізуді тапсырды.


«Өңірлерде құрылыс маусымын уақытылы бастау маңызды. Жер учаскелерін дер кезінде бөліп, оларға қажетті инфрақұрылым жүргізу керек», — деді А. Мамин.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, осы жылдың 15 наурызына дейін құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеп, Үкіметке енгізу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді