Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ара шаруашылығы – агроэкспортты дамытудың жаңа күшіне айналмақ

Ара шаруашылығы – агроэкспортты дамытудың жаңа күшіне айналмақ
Фото: pixabay.com

Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды даму жолына түсіп, ауыл шаруашылығы саласының табысты әрі стратегиялық маңызы зор бағыттарының біріне айналып келеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр балды шетелге шығару көлемі 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін дәлелдей отырып, сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтті.

2025 жылдың қорытындысы бойынша шетелге 1 477 тонна бал жеткізілді. 2024 жылы бұл көрсеткіш 603 тонна болған. Негізгі бағыт – Өзбекстан, оған 1 264 тонна немесе жалпы көлемнің 85,6 пайызы тиесілі. Сонымен қатар қазақстандық бал Канада, Қытай, Сауд Арабиясы, Ресей және Америка Құрама Штаттарына шығарылды. Алғаш рет Оман еліне де өнім жеткізілді.

Балдың сырттан әкелінуі едәуір азайып, 2024 жылғы 1 663 тоннадан 262,4 тоннаға дейін төмендеді. Бұл ішкі өндірістің артқанын және отандық өндірушілердің нарықтағы орны нығайғанын көрсетеді.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында 241 мың ара ұясы бар. Оның 90,2 мыңы – асыл тұқымды.

Жыл сайын шамамен 5 мың тонна бал өндіріледі. Соның 46,5 пайызы немесе 2,3 мың тоннасы жеке қосалқы шаруашылықтарда, ал 54 пайызы немесе 2,7 мың тоннасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан өндіріледі.

Мемлекеттік қолдау аясында мал шаруашылығын дамыту қағидалары бойынша бал өндірісінің шығынын азайту мақсатында өткізілген әр килограмм өнімге 200 теңге көлемінде қаржылай қолдау қарастырылған.

Саланы дамыту бағытындағы жүйелі жұмыс жалғасуда. 2024 жылы 2025–2027 жылдарға арналған ара шаруашылығын дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Жұмыс тобы «Ара шаруашылығы туралы» және «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңдарға өзгерістер әзірледі. 2025 жылғы сәуір айында заңнамалық түзетулер Қазақстан Парламентінің қарауына жолданды.

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ара шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті.

Аталған өзгерістерді қабылдау саладағы есеп жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етіп, жұмысты жетілдіруге, қазақстандық балдың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ өнімді шетелге шығару көлемін ұлғайту мен ауылдық аумақтарды дамытуға берік негіз қалыптастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті