Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада су тасқынына қарсы ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр

Астанада су тасқынына қарсы ауқымды шаралар жүргізіліп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада су тасқынының алдын алу бағытында кешенді жұмыс атқарылып жатыр. Арық-науа және нөсерлі кәріз желілерін тазалау, тазарту құрылысын салу және қайта жаңғырту, қар шығару жұмысы жүргізіліп жатыр. Еріген қар суын ағызу бойынша Кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Бұл мәселелер әкімдікте өткен кеңесте талқыланып, оған ТЖД, «Қазсушар» РМК, «Қазгидромет» РМК және өзге де ведомстволық құрылымдар қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қаланың коммуналдық қызметтері 38 шақырым арық-науа желісін және 16 шақырым нөсерлі кәріз жүйесін тазартты. Сонымен қатар 3,3 мыңға жуық бақылау және жаңбыр суын қабылдайтын құдықтар тазаланып, 530 метр құбыр буландырылып тазартылды, 884 тонна лай шығарылды. Биыл қыс мезгілінде 4,6 млн текше метрден астам қар қала сыртына шығарылды.

Су тасқынының алдын алу және салдарын жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды. Азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер тұрақты дайындық режиміне көшірілген.

«Астана су арнасы» желісі бойынша 170 метр қысымды желі тартылып, диаметрі 400-1600 мм болатын магистральдық желілер тазартылуда. Кәріз-тазарту станциясында (КТС) сағатына 5-7 мың текше метр су айдайтын 4 сорғы орнатылған. Индустриялық парк ауданында Ақбұлақ өзені бойының жағалауын бекіту, өзен арнасын кеңейту жұмысы жүргізілуде.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік нысандар, жекеменшік сектор және елді мекендер аумағынан қарды уақытылы шығару, сондай-ақ бөгеттер мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Барлық жұмыс тәулік бойы атқарылып, тұрақты бақылауда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті