Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Данияр Елеусінов Оралдық жастармен кездесті

Қала күні мерекесіне орай туған жеріне қонаққа келген олимпиада чемпионын Орал жастары құрмет-қошеметпен қарсылап алды. Боксшы, олимпиада чемпионы, әуесқой бокстан әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері Данияр Елеусінов Оқушылар сарайында Орал жастарымен кездесіп, қызықтыратын сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Осыдан 5 жыл бұрын Оралдағы Оқушылар сарайында Данияр Елеусінов атындағы бокс орталығы ашылған болатын. Бүгінде аталмыш орталықта 800-дей жас спортшы тәрбиеленуде. Осыған орай жерлес спортшымыз оқушылар сарайына қонаққа келіп, орталық жұмысымен, жас спортшылармен кездесіп кетті. Сарай тәрбиеленушілері мен мамандары қонақты ыстық ықыласпен, қошеметпен қарсылап алып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар спортшыға сарай фойесінде «Сәулет ғимараттары сыр шертеді» тақырыбындағы көрме ұсынылып, таныстырылды. 


Келесі кезекте Данияр Елеусінов бокс орталығына жиналған жас спортшылармен әңгіме-сұхбат жүргізді. Жерлесіміз, танымал боксшы «Туған жерге келгеніме өте қуаныштымын. Осы орталықтың ашылуына 5 жыл бұрын келіп, қатысқанмын. Құрметтеріңізге, қонақжайлылықтарыңызға үлкен рахмет. Болашақта осы залдан ел намысын биіктетіп, туын жоғары көтеретін боксшылар шықсын деп тілеймін. Болашақтарыңыз тек жарқын болсын» деп жастарға сәттілік тіледі. Жас боксшылар чемпионға қызықтыратын сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар мен кеңестер алды. Қонағымыз сұраққа жауап беру барысында балаларға 1-2 тәсіл көрсетіп,  шағын шеберлік сағатын да өткізіп жіберді. 


Сарай тәрбиеленушілері шара аяғында чемпионмен суретке түсіп, былғары қолғаптарына, спорттық киімдеріне қолтаңба алды. Данияр Маратұлы Оқушылар сарайының «Қолтаңбалар кітапшасына» да сарай ұжымы мен тәрбиеленушілерге ізгі тілегін жазып, қолтаңбасын қалдырды.  


Денешов Имран, бокс үйірмесіне қатысушы:

Бокспен айналысып келе жатқаныма 7-8 жылдай болды. Алға қойған армандарым көп, солардың бірі – Данияр ағамыз сияқты Олимпиада чемпионы болу, еліміздің туын көкке көтеру. Данияр ағамыздың келгеніне өте қуаныштымыз. Сұрақтарымызды қойып, қолтаңба алдық. Данияр аға сынды чемпион болу үшін үлкен еңбек керек, сол себепті тынбай жаттығу жасаймын. Түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрмін. «Спорт шеберіне үміткер» атағым бар. Әлі де тоқтамай жұмыстанатын боламын.

Қонағымыз келесі кезекте «Bastau» коворкинг орталығында белсенді жастармен кездесіп, әңгімелесті. Шара еркін диалог форматында жылы атмосферада өткізілді. Ел мақтанышына айналған спортшыға жастар сұрақ қойып, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізді. Чемпионнан кеңес алған жастар кездесуден көтеріңкі көңіл-күйде қайтты.

 Данияр Елеусінов:
Туған өлкеге оралу әрдайым қуантады ғой. Өзім өніп-өскен өлке мен үшін әрқашан ыстық. Менің атымдағы орталыққа келіп, жас боксшылардың көздеріндегі жалынын көріп өте қуанып отырмын. Осы балалардан чемпион шығады деген ойдамын. Болашаққа жоспар-мақсат көп, солардың бірі Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында бокс кешін ұйымдастыру жоспарда бар. Менің менеджерларым әкімшілікпен, «Хабар» телеарнасымен кездесіп, қазіргі таңда келіссөздер жүргізілуде. Үлкен бокс кешін өткізу жоспарымыз барша тараптан қолдау тауып отыр.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты