Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Еңбек министрлігінде азаматтарды солтүстік өңірлерге көшірудің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды

Еңбек министрлігінде азаматтарды солтүстік өңірлерге көшірудің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, қоғам қайраткері Бурахан Дакановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесудің негізгі тақырыбы еңбек күші артық оңтүстік өңірлерден елдің солтүстік облыстарына өз еркімен қоныс аударатын қандастар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелері болды.

Кездесу барысында Асқарбек Ертаев көші-қон үдерістерін реттеу мәселелері мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. 2025 жылдың соңында Үкімет Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көші-қон саясатының тұжырымдамасын бекітті.

«Аталған Тұжырымдаманы іске асыру еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыруға және солтүстік өңірлердің демографиялық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Бұл шаралар халық санының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аумақтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған», – деді министр.

Өз кезегінде «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің басшысы көші-қон бағдарламаларының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, Бурахан Даканов Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударушылар мен қандастарға «бір терезе» қағидаты бойынша жан-жақты қолдау көрсететін Бейімдеу және интеграциялау жөніндегі мамандандырылған орталық ашуды ұсынды.

Сондай-ақ қоғам қайраткері төлқұжаттарында ұлты көрсетілмеген этникалық қазақтарды қабылдаумен айналысатын өңірлік комиссиялардың жұмысын жандандыру қажеттігі мәселесін көтерді.

Кездесу қорытындысы бойынша Асқарбек Ертаев солтүстік өңірлердің әлеуетін арттыруға бағытталған ұсыныстарды қолдайтынын білдіріп, оларды жан-жақты пысықтау және іске асыру үшін Министрліктің жауапты құрылымдық бөлімшелеріне нақты тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті