Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын ашты

Серік Жұманғарин  Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің  отырысын ашты
Фото: primeminister.kz

Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етуде. Мәскеуде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің биылғы алғашқы отырысын аша отырып, Серік Жұманғарин Кеңес мүшелері мен байқаушы елдердің өкілдеріне арнап сөз сөйлеп, Қазақстан төрағалығының негізгі басымдықтарын атап өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Президенті мемлекет басшыларына жолдаған үндеуінде ЕАЭО аясындағы ортақ жұмысымыздың басым бағыттарын айқындады. 2026 жылы экономиканың түрлі салаларында жасанды интеллект құралдарын енгізуге, Одақтың логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруға, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ үшінші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға баса назар аудару ұсынылады», – деді ол.

Сонымен қатар ортақ процестерді толық көлемде жүзеге асырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Қазіргі таңда бекітілген 77 ортақ процестің тек 42-сі ғана нақты жүзеге асырылған. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері өзара интеграцияланбай, Одақ ішінде тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету қиын.

Басым бағыттардың бірі ретінде «кедергісіз» транзит аталды. Бұл навигациялық пломбаларды кең көлемде қолдануды, бірыңғай транзиттік декларацияны енгізуді және кедендік баждарды төлеуді қамтамасыз етудің біріздендірілген тетіктерін пайдалануды көздейді. Аталған шаралар тасымалдың жылдамдығы мен құнына тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ кооперациялық жобаларды дамытуға айрықша көңіл бөлінбек. Қазіргі уақытта Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Ресей компанияларының қатысуымен бес кооперациялық жоба мақұлданған. Негізгі міндет – кооперация қоржынын кеңейту, бірлескен өндірісті ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және локализациялау деңгейін арттыру.

Өткізу нарықтарын кеңейту мақсатында үшінші елдермен сауда келісімдерін кезең-кезеңімен ілгерілету ұсынылды. Бұл келісімдер ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бизнесі үшін тұрақты өсудің негізгі көздерінің бірі ретінде қарастырылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті