Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда комьюнити орталықтар резиденттері компьютерлік клубтарға түнгі бақылау жүргізді

Алматыда комьюнити орталықтар резиденттері компьютерлік клубтарға түнгі бақылау жүргізді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түнгі профилактикалық рейд өтті. Мониторинг барысында түнгі уақытта жасөспірімдердің баруы мүмкін компьютерлік клубтарға ерекше назар аударылды. Бұл туралы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мониторингті қалалық комьюнити орталықтардың резиденттері мен қоғам өкілдері Алматы қаласы Полиция департаментімен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты — кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта қоғамдық орындарда болуын реттейтін заңнама талаптарының сақталуын бақылау, сондай-ақ жастар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу.

Рейд аясында Lord, BRO, Vernyi, DarkNet және өзге де компьютерлік клубтар тексерілді. Мониторинг қорытындысы бойынша заңды өкілсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталған жоқ.

«Рейд барысында полиция қызметкерлері компьютерлік клубтарда заңды өкілсіз жүрген бірде-бір жасөспірімді анықтаған жоқ. Мұндай фактілер тіркелген жағдайда кәмелетке толмағандар Алматы қаласының Әуезов ауданы Полиция басқармасына жеткізіліп, ата-аналары немесе қамқоршылары шақырылатын еді. Ал 22:00-ден кейін жасөспірімдердің болуына жол берген мекеме иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады», — деді Алматы қаласы Әуезов ауданы комьюнити орталығының директоры Бауыржан Маханбет.

Сондай-ақ, ол компьютерлік клубтарда, қоғамдық кеңістіктерде және сауда-ойын-сауық орталықтарында профилактикалық рейдтер ай сайын, тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

«Өткен жылмен салыстырғанда қаңтар айы оң көрсеткішпен басталды, құқықбұзушылық тіркелген жоқ. Дегенмен кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жауапкершілікті үнемі еске салу маңызды», — деді ол.

Еске салайық, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілсіз тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілсіз жүруіне тыйым салынады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті