Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2025 жылы Ақмола облысына келген туристер ағыны 1,6 млн адамнан асты

2025 жылы Ақмола облысына келген туристер ағыны 1,6 млн адамнан асты
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2025 жылдың қорытындысы бойынша Ақмола облысына 1,6 млн турист келді. Туристік ағынның қалыптасуына дәстүрлі түрде ішкі туризм негізгі үлес қосып отыр, оның үлесі шамамен 98%-ды құрайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшіі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірдің басты тартылыс орталығы ретінде Щучинск–Бурабай курорттық аймағы қала береді. 2025 жылдың тоғыз айында бұл аймаққа шамамен 1,45 млн адам келген, олардың 380 мыңнан астамы қонақүйлер мен отельдердің қызметін пайдаланған. Сарапшылар оң динамиканы курорттық сервистің дамуы және нөмірлік қордың жаңартылуымен байланыстырады. Облыста бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды: жаңа қонақүйлер мен демалыс аймақтарының құрылысы, сондай-ақ Бурабай, Аршалы және Шортанды аудандарындағы қолданыстағы курорттық нысандарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы өңірге 19,6 мың шетелдік турист келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27%-ға көп. Кірудің негізгі елдері ретінде Ресей, Қытай, Өзбекстан, Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Түркия аталады, сондай-ақ Үндістаннан келетін туристердің қызығушылығының артқаны байқалады.

Туристер үшін жайлылықты арттыру мақсатында 2025 жылы Щучинск–Бурабай курорттық аймағында жаңа бақылау алаңдары, веложолдар, туристік соқпақтар, демалыс аймақтары және абаттандырылған жағажайлар салынды. Астана – Бурабай бағыты бойынша жоғары жылдамдықты электр пойызы іске қосылды, сондай-ақ алғаш рет экскурсиялық тікұшақ турлары ұйымдастырылды. Негізгі туристік бағыттарда жарықтандыру мен навигация айтарлықтай жақсартылды. Сонымен қатар Зеренді курорттық аймағында заманауи визит-орталықтың құрылысы басталды, сондай-ақ Астана маңында – Ақкөл ауданында, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және Целиноград ауданының орман алқаптарында эко-парктер құру мәселесі пысықталуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті