Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы Қазақстанның туристік орталығы ретіндегі орнын нығайтып келеді

Алматы Қазақстанның туристік орталығы ретіндегі орнын нығайтып келеді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыға шетелдік және ішкі туристер тарапынан айтарлықтай қызушылық артып отыр. Бұл маркетингтік науқандар нәтижесімен, әуе қатынасының кеңеюімен және халықаралық көрмелерде белсенді жұмыстармен дәлелденіп отыр. Бұл жөнінде Алматының Туризм басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыға келген қонақтар саны айтарлықтай көбейген. Екінші тоқсанның өзінде қалаға 1,1 миллионнан астам турист келген. Оның ішінде 323,5 мыңы – шетелдік, ал 816,5 мыңы – ішкі туристер. Шетелдік келушілер арасында Үндістан (56,2 мың адам) мен Қытай (54,1 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда өсім – 33,4%) көш бастап тұр. Сонымен қатар, туристердің негізгі легі Түркия (17,9 мың), Оңтүстік Корея (9,7 мың), АҚШ (9,6 мың), БАӘ (6,7 мың) және Германиядан (6,4 мың) келіп отыр.

Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, халықаралық туризмнің дамуына жаңа әуе бағыттарының ашылуы (жаңа рейстердің ашылуы мен әуе компанияларымен жасалған меморандумдар), сондай-ақ салалық көрмелердегі таныстыруға бағытталған жұмыстар мен әуежайдағы промо-акциялар (брендтелген кәдесыйлар мен ақпараттық материалдарды тарату, жаңа рейстер іске қосылған кезде «Тәтті сыйлық» акциясы және т.б.) себеп болған.

2025 жылы Алматы CNN арнасының нұсқасы бойынша ең үздік туристік бағыттардың бірі деп танылып, Booking.com платформасының трендтік рейтингтеріне енді. Бұл да қаланың халықаралық деңгейдегі танымалдығын арттыра түсті.

Бұған қоса, Алматыда халықаралық инфо-турлар мен іскерлік B2B-кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Тек бес ірі көрмеге (Гуанчжоудағы GITF, Шанхайдағы ITB, Сеулдегі SITF, Гонконгтағы ITE, Бейжіңдегі BITE) қатысу нәтижесінде шетелдік серіктестермен 150 келісім жасалды. Бұл келісімдер болашақта шамамен 159 мың турист тартуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады