Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі

Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі
Фото: polisia.kz

Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысындағы сауда орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері телефонмен абыржып сөйлесіп тұрған егде жастағы әйелге назар аударды. Әңгіме сипаты полицейлерге күдік тудырды. Зейнеткер қобалжып, біреудің нұсқауымен әрекет етіп жатқандай көрінді. Полиция қызметкерлері белгісіз адамдар зейнеткер әйелге қоңырау шалып, "тексеру жүргізу" мақсатында SMS арқылы келген кодты айтуды талап еткенін анықтады.

Алаяқтар оның атына 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге тырысқан, алайда банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған. Дәл осы соманы зейнеткер алаяқтарға аудармақ болған. Полиция қызметкерлері телефонды беруді сұрап, өзін Айсел деп таныстырған қоңырау шалып тұрған азаматпен сөйлесті. Ол өзін зейнеткердің қызы екенін айтты, бірақ әйелдің аты-жөні мен тегін атай алмады, бұл алаяқтық әрекетті растады. Полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтық дер кезінде тоқтатылып, 2 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның алдын алды. Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, алаяқтардың қалай әрекет ететіні түсіндірілді. Полиция банк пен мемлекеттік органдардың ешбір қызметкері телефон арқылы кодтарды айтуға немесе ақша аударуға талап етпейтінің ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді