Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда жалған байланыс операторы зейнеткердің 1 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған

Павлодарда жалған байланыс операторы зейнеткердің 1 млн теңгеден астам ақшасын жымқырған
Фото: pixabay.com

Павлодарда алаяқ 74 жастағы зейнеткер әйелді алдап, 1 млн 100 мың теңге ақшасын өз шотына аударып алған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарлық 74 жастағы зейнеткер алаяқтың қулығына тап болды. Әйелге бейтаныс жігіт қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Зейнеткерге ұялы байланыс операторынан сыйлық ұтып алғаны туралы қуанышты жаңалықты хабарлаған.

Тосын жаңалыққа қуанған зейнеткер жалған байланыс операторына тұрғылықты мекенжайын хабарлайды. Біраз уақыттан кейін қолында шоколады мен бокалы бар ер адам зейнеткердің үйіне келіп, әйел кісіні әңгімеге тартқан. Зейнеткер өзі туралы және анасының ауруы туралы ер адамға бәрін айтып берді. Келесі күні жігіт әйелдің үйіне қайтып келеді, жәбірленушінің анасына сыйлыққа торт ала келген. Тағы бір күннен соң ер адам зейнеткерге қайта барып, оған жеміс әкелді, өзінің ерікті екенін айтқан. Жәбірленушінің айтуы бойынша ол сыпайы және кішіпейіл болды. Әңгіме барысында зейнеткер жігітке ас үйдегі үстелдің сынған жерін жөндеу қажеттігін айтқан. Жігіт оның өтінішіне жауап беріп, зейнеткердің үйіне тағы да бас сұққан.

– Жас жігіт зейнеткердің қосымшасын телефонға жүктеп, Face-ID көмегімен зейнеткердің депозитінен ақшаны телефон нөмірі бойынша өз шотына аударып, содан кейін белгісіз бағытта жасырынған. Қазір полицейлер ер адамды іздестіріп жатыр. Жақын жердегі бейнебақылау камераларының барлық жазбалары көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары банктердің қосымшаларынан жеке мәліметтер мен парольдерді белгісіз адамдарға бермеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдармен телефон арқылы сөйлеспеуге кеңес береді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында алаяқтықтың 481 фактісі тіркелген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді