Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда ірі көлемде борышын өтемеген жүргізуші анықталды

Талдықорғанда ірі көлемде борышын өтемеген жүргізуші анықталды
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда ірі көлемде борышын өтемеген жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Жалған нөмір" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Талдықорғанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады. "Қорғау" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы полиция қызметкерлері Kia Sorento автокөлікті тоқтатты. 

Көлікті Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған. Тексеру барысында соңғы бір жыл ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы аумағында аталған көлікке қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бірнеше рет тіркелгені анықталды. Заң талаптарына сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көлік құралының иесіне жүктеледі. Әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес автокөлік ұсталып, Талдықорған қаласындағы арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция азаматтарды заң талаптарын уақтылы орындауға шақырады және рөлдегі жауапсыздық қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін екенін ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті