Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясына қатысушылармен кездесті

Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясына қатысушылармен кездесті
Фото: primeminister.kz

Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылы Қазақстан Республикасының Одаққа төрағалығы аясында ұйымдастырылған Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының 3-ші Бас Ассамблеясы қатысушыларымен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Түркі елдерінің іскерлік сала өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Р. Баталов («Атамекен», Қазақстан), М. Кәрімсақов (Сыртқы сауда палатасы, Қазақстан), Б. Әмреев (Түркі инвестициялық қоры), М. Башқұрт (Түркі әлемі муниципалитеттер одағы), А. Кула (Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағы), В. Зейналов (Әзербайжан), М. Бакиров (Қырғызстан), М. Гурдов (Түрікменстан), А. Шайхов (Өзбекстан) және басқа да өкілдер болды.

Кездесу барысында Түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ қатысушы елдердің іскерлік топтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері талқыланды.

Аида Балаева Түркі сауда-өнеркәсіп палаталары одағының жалпытүркілік экономикалық мүдделерді ілгерілету мен бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға арналған маңызды әрі тиімді алаң екенін атап өтті. Сондай-ақ сауда-өнеркәсіп палаталарының бизнес-қоғамдастықтар арасында тікелей диалог орнатуда және мемлекетаралық келісімдерді нақты экономикалық жобаларға айналдыруда шешуші рөл атқаратыны сөз етілді.

Сондай-ақ одаққа мүше елдер арасындағы инвестициялық әріптестікті дамытуға ықпал ететін Түркі инвестициялық қорының жұмысын жандандыру қажеттігі талқыланды.

Түркітілдес елдердегі туризм мен туристік саланы дамыту, көлік-логистикалық бағыттарды кеңейту, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыру және инновациялық шешімдерді, оның ішінде жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне айрықша мән берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Түркі мемлекеттері ұйымы аясында экономикалық интеграцияны одан әрі нығайтуға және серіктес елдермен практикалық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендігін растады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті