Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты

Олжас Бектенов Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің үкімет басшыларының кездесуіне қатысты
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Бішкек қаласында (Қырғызстан) Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне және ТМҰ мүше мемлекеттердің үкімет басшыларының\вице-президентінің кездесуіне қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Президентімен ұжымдық кездесу барысында өңірлік интеграцияны, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, транзиттік әлеуетті тиімді пайдалану және тағы да басқа мәселелерге назар аударылды.

ТМҰ елдерінің үкімет басшылары мен вице-президентінің кездесуіне Түркия Республикасының вице-президенті Джевдет Йылмаз, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы  Адылбек Касымалиев, Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Идаят оғлы Асадов, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Өміралиев қатысты.

Қатысушылар экономика, сауда, инвестициялар, көлік, цифрландыру, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл туралы пікір алмасты. Ұйым шеңберінде көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тетіктерді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Қазақстан Премьер-министрі өз сөзінде Мемлекеттер басшыларының сындарлы саясаты Ұйымның стратегиялық негізін қалауға бағытталған маңызды бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Түркі мемлекеттерінің ұйымы қысқа уақыт ішінде беделді құрылымға айналды және өзінің әлем алдындағы мәртебесін көтерді. Бүгінгі кездесу нәтижелері түркі мемлекеттері арасындағы бауырластық және серіктестік қарым-қатынастардың одан әрі дамуына тың серпін беріп, халықтарымыздың мүддесіне қызмет етеді деп сенемін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жиында Түркі елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы, Түркі инвестициялық қоры, Үйлестіру комитеті, «Жасыл» қаржы жөніндегі кеңес және тағы да басқа осы сияқты институттардың қызметін тиімді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді.

Көлік-логистикалық байланыстарды нығайтуға, кедендік рәсімдерді цифрландыру қарқынын жеделдетуге және порттар мен темір жолдарды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытының инфрақұрылымын жаңғыртуға баса назар аударылды.

Сонымен қатар ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы өзара іс-қимылдың, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және тағы да басқалары бойынша бірлескен зерттеу орталықтарын құру жайы сөз болды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті