Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 612 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық пункт Еңбек ауылының және Алатау қаласының іргелес аумақтарындағы 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және күзетші жұмыс істейді. Ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, науқастарды қабылдауға және медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.

Жаңа ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындарына уақытылы әрі сапалы алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейтеді.

Облыс әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес, осындай жобалардың жүзеге асырылуы ауылдық жерлердегі медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, алғашқы медико-санитарлық көмек жүйесін нығайтуға жол ашады.

«Біз мемлекетке қайтарылған активтердің нақты нәтижесін көріп отырмыз. Бұл қаражаттар әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталып жатыр. Еңбек ауылындағы жаңа ФАП – осының жарқын мысалы. Қайтарылған ресурстар халық игілігіне жұмсалып, жергілікті өмір сапасын арттыруға қызмет етуде», – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Нысанның құрылысы Алматы облысының құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша жүргізіліп, «АСК АуылҚұрылысы» ЖШС мердігер ұйымы тарапынан салынды.

Аймақта мұндай бастамалар ауылдық инфрақұрылымды дамытуға және облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті