Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қамқорлық пен Заң»: Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін спорттық турнир өтті

«Қамқорлық пен Заң»: Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсететін спорттық турнир өтті
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Қамқорлық пен Заң» жобасы аясында спорттық турнир өтті. Іс-шара Халықаралық мүгедектігі бар адамдар күніне байланысты ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыстың негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмысшылар арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністікті нығайту.

Турнирге прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ тірек-қимыл аппараты, есту және көру қабілеті зақымданған қатысушылар қатысты.

«Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – дамыған елдердегідей мүгедектігі бар адамдардың құқықтары басқа азаматтармен тең екенін көрсету. Біздің елімізде де олар – қоғамның толыққанды мүшелері. Ең бастысы – оларды қолдау, қорғау және жұмысшылармен арадағы ынтымақтастықты нығайту», – деді «Елорда» спорт клубының басшысы Хаиитдин Жарқынбек.

Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім басшысы Закарин Тарханның айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері ерекше жандарды тек қадағалау ғана емес, осындай шаралар арқылы оларды қоғамға бейімдеуге де атсалысады.

Турнир барысында жолдастық матчтармен қатар асық ату, тоғызқұмалақ, футзал және үстел теннисінен жарыстар өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді